«Көпбейінді Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0

«Дені сау болу сәнді!» ұранымен Акция

2018 жылы 7 сәуірде Жаңаарқа ауданының АОА КМК Бүкіл әлемдік денсаулық күніне орайластырылған «Дені сау болу сәнді!» ұранымен Акция жүргізілді. Мақсаты – жалпыға бірдей қамту денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету болып табылады, барлық адамдарды  жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне,  тұрғылықты жеріне және табыстарына қарамастан, оларға  қажетті медициналық қызметтерді алуын қамтамасыз ету болып табылады.  Сауда орталығында «Әлия» супермаркетінде   ұйымдастырумен  халыққа тегін медициналық көмек көрсету  (артериялық қан қысымын  өлшеу, қандағы қант және  холестеринді  өлшеу) сондай-ақ ақпараттық-ағарту материалдары  таратылды.