«Көпбейінді Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0

Зерттеуге алдын ала дайындалу
  • Қуық пен еркек безінің УДЗ

УДЗ – ге дейін 1,5-2 сағат бұрын 1-2 литр сұйықтық (шәй, су, нәрлі сусын және т.б.) ішу керек.
Зерттеуге қуықты толтырып келу қажет (дәретханаға бармау керек).
Трансректалдық зерттеудің алдында тазартатын клизма жасап, тоқ ішекті тазарту қажет.

  • Кіші жаңбас ағзаларының  УДЗ

Трансабдоминалды (іш арқылы) гинекологиялық УДЗ – ге несепағарды дайындау қажет: зерттеуге дейін 1 сағат бұрын 1 – 1,5 литр газдалмаған сұйықтық ішу керек және зерттеуге дейін дәретханаға бармау қажет.
Трансвагиналды (қынап арқылы) гинекологиялық УДЗ арнайы дайындалу қажет емес, зерттеу бос несепағармен жүгізіледі;
Акушерлік УДЗ (жүктілік кезіндегі УДЗ) жартылай толы несепағармен (зерттеуге дейін 1 сағат бұрын 2 стақан сұйықтық ішу керек) жүргізіледі.

  • ЭХО КГ (жүрек УДЗ) зерттеуі

Арнайы дайындалуды қажет етпейді

  • Қалқанша без УДЗ

Арнайы дайындалуды қажет етпейді

  • Бүйрек УДЗ

Арнайы дайындалуды қажет етпейді

  • ЭКГ зерттеуі

Арнайы дайындалуды қажет етпейді

  • ҚҚА УДЗ (құрсақ қуысы ағзалары)

Құрсақ қуысы ағзаларының эхографиясы түнде тамақ ішпей, таңертен аш қарынға жүргізіледі, жедел жағдайда зерттеу кез келген уақытта жүргізіледі. Кей жағдайларда арнайы дайындық қажет емес, метеорозиммен ауыратын науқастарға сапалы зерттеу жүргізу қиындыққа алып келуі мүмкін.
Ішектегі газдың болуына байланысты шиеленістерді азайту үшін 2-3 күн аралығында диета ұстап, ішекте газдың пайда болуына алып келетін тағамдарды қолданбау қажет.
Карболен, ферментік препараттар (фестал, дигестал) қолдануға болады.

  • Спирометрияны жүргізу бойынша алгоритм

Қаралушыда өзімен бірге қорытындылары болуы қажет: көкірек тұсының ФГ, немесе көкірек тұсының рентген қорытындысы.

  • Тредмил – тесті жүргізудың алгоритмі

Қаралушыда қорытындылары болуы қажет: ЭКГ, ЭХОКГ (жүрек УДЗ) зерттеуге дейін 2 күн бұрын препараттарды қолданбау керек: В – блакаторлар, антагонистар, кальций препараттары, антагонистар, кальций препараттары, нитраттар.
Эндоскопиялық құрылғыда қаралушылардың асқазан ішек жолдарының жоғары бөлімдерін зерттеу алгоритмі.
Зерттеу алдында 8-12 сағат ішінде қаралушы тағам ішпеуі қажет, зерттеу болтын күннің таңында тағам, су және дәрі-дәрмектерді қолданбауы керек. Процедура аш қарынға арнайы кабинетте қаралушы сол қырымен жатқызылып жүргізіледі.