«Көпбейінді Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0

Ақысыз дәрімен қамтамасыз ету

Тұрғындардың стационарлық және стационарды алмастыратын (емханалардың күндізгі стационарлары) деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі медицина ұйымдарының дәрі-дәрмек формулярларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымдардың дәрі-дәрмек формулярлары қаладағы медицина ұйымдарының ақпараттық стендтерінде көрсетілген.

 

Амбулаторлық кезеңде дәрі-дәрмектің тегін берілуі тіркелген амбулаториялық-емханалық ұйым (емхана, ОДА және т.б.) дәрігерінің рецепті бойынша, Амбулаторлық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында тұрғындарды тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық тағайындама бұйымдарының тізімі ( бұдан әрі - Тізім) негізінде жүзеге асырылады.

Осы Тізімге 2014 жылы өзгертулер енгізілді. Өзгертулер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 726 бұйрығымен бекітілген (ҚР ДМ 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгертулер енгізу).

Тізімдегі өзгертулер келесі ауруларға қатысты:

1) Тұрғындардың әр санатын қамтамасыз ету бойынша, дәлірек, бүкіл Дәрі-дәрмек тізімі тұрғындардың барлық санаттары үшін базалық терапияға бөлінген. Тегін қосымша терапиямен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары тек 5 ауру бойынша қамтамасыз етіледі: Жүректің ишемиялық ауруы, Артериалды гипертензия, Созылмалы жүрек кемістігі және Остеоартроз, Асқазан және ұлтабар ойықжарасы.

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналар, мекенжайы бойынша жәрдем алатындар, жасына қарай зейнетке шыққандар.

2) 10 дәрі-дәрмек тізімнен шығарылды - Дилтиазем, ретард таблеткасы, Корведилол, таблетка, Метопролол, ретард таблеткасы, Лизиноприл, таблетка, Лозартан, таблетка, Лозартан калий + гидрохлоротиазид, таблетка, Валсартан + гидрохлортиазид, таблетка, Теофиллин, капсула, Теофиллин, капсула ретард, Ипратропия бромид, ингаляцияға арналған аэрозоль, мөлшерленген.

3) Тізімге келесі аурулар бойынша 10 дәрі-дәрмек қосымша енгізілді: Ревматоидты артрит, Крон ауруы және бейспецификалы ойықжаралы колит, қант диабеті, мүшелер мен тіндерді алмастыру және т.б.
а) Бронх демікпесі 2 дәрі-дәрмек: Индакатерол, ингаляцияға арналған ұнтақ, Рофлумиласт таблетка;
ә) Крон ауруы және бейспецификалы ойықжаралы колит - Метотрексат таблетка;
б) Қант диабеті: Глимепирид + метформин таблетка, Лираглутид, тері астына енгізуге арналған ерітінді;
в) Мүшелер мен тіндері алмастырылған пациенттер үшін - метилпреднизолон таблетка;
г) Ревматоидты артрит 1 дәрі - голимумаб, инъекция үшін ерітінді;
д) Жүректің ишемиялық ауруы - Ацетилсалицил қышқылы + Клопидогрель, таблетка;
е) Жүрек қақпақшасы протезделген науқастар, тамырластыру және стентирлеу операциясынан кейін - Ацетилсалицил қышқылы + Клопидогрель, таблетка және т.б.
Тізім бойынша № 726 және 786 бұйрықтар қосымша беріледі.

 

Емдеуші дәрігер ауруы бойынша диспансерлік тіркеуде тұрған пациенттерге Тізімге сәйкес дәрі-дәрмек алуға рецепт жазып береді. Электронды рецепт айына 1 рет айлық қажеттілік мөлшерінде жазылады.

 

Амбулаторлық деңгейде тегін қамтамасыз етілетін дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша барлық қажетті іс-шаралар өткізілді. Қазіргі сәтте дәрі-дәрмектерді тегін беру Тізімге сәйкес, жыл басынан бастап жүзеге асырылуда. Дәрі-дәрмектердің дәріханаларда болмай қалуымен байланысты бірлі-жарым оқиғалар орын алған. Бұдан бұрын жергілікті бюджет есебінен сатып алынған қымбат бағалы нозологиялар (онкогематология, енжар склероз, гемофилия, сирек кездесетін аурулар, онкогематология және т.б.) бойынша дәрі-дәрмек сатып алу республикалық бюджет қаражаты есебінен Бірыңғай дистрибьютор арқылы жүзеге асырылады. 
Дәрі-дәрмектер мен аурулар тізімі сондай-ақ ҚР ДМ № 786 бұйрығымен бекітілген.