«Көпбейінді Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0

Жаңа туылған нәрестелерде күтпеген жағдайларды болдырмау бойынша жаднама
  1. Баланы балалар керуетіне шалқасынан жатқызыңыз. Шалқасынан жатқызу ең қауіпсіз жол болып табылады.
  2. Баланы жаныңызға алып жатпаңыз – ең жақсысы балалар керуетін өз бөлмеңізге қойыңыз.
  3. Ұйқтағанда тыныс жолдарын жабу, қыздырып жіберу жағдайларынан сақтаңыз.
  4. Баланы тығыз, ауа өткізгіш матраста, жайма немесе жұқа  көрпемен қымтап жатқызыңыз.
  5. Керуеттен баланың аузын немесе мұрнын жауып қалатын жұмсақ заттарды алып тастаңыз.
  6. Жүктілік уақытында темекі тартпаңыз және нәрестеңізді темекі түтінен сақтаңыз. Жүкті әйелдің  күніне шеккен 10 темекісінің кесірінен алғашқы жасқа дейінгі баланы жоғалту қауіпі 5-6 ретке өседі. Әкесінің темекі тартуы да жоғары қауіп дәрежесіне ие.
  7. Баланы қатты құндақтап орамаңыз. бала бөлмесінде қолайлы температура сақтаңыз (бөлменің үйлесімді температурасы 20-22 °С). Баланы ұстап көргенде терісі ыстық болмау керек.