- Баланы балалар керуетіне шалқасынан жатқызыңыз. Шалқасынан жатқызу ең қауіпсіз жол болып табылады.
 - Баланы жаныңызға алып жатпаңыз – ең жақсысы балалар керуетін өз бөлмеңізге қойыңыз.
 - Ұйқтағанда тыныс жолдарын жабу, қыздырып жіберу жағдайларынан сақтаңыз.
 - Баланы тығыз, ауа өткізгіш матраста, жайма немесе жұқа көрпемен қымтап жатқызыңыз.
 - Керуеттен баланың аузын немесе мұрнын жауып қалатын жұмсақ заттарды алып тастаңыз.
 - Жүктілік уақытында темекі тартпаңыз және нәрестеңізді темекі түтінен сақтаңыз. Жүкті әйелдің күніне шеккен 10 темекісінің кесірінен алғашқы жасқа дейінгі баланы жоғалту қауіпі 5-6 ретке өседі. Әкесінің темекі тартуы да жоғары қауіп дәрежесіне ие.
 - Баланы қатты құндақтап орамаңыз. бала бөлмесінде қолайлы температура сақтаңыз (бөлменің үйлесімді температурасы 20-22 °С). Баланы ұстап көргенде терісі ыстық болмау керек.
 
Жаңа туылған нәрестелерде күтпеген жағдайларды болдырмау бойынша жаднама
 

                        














