Мақсаттары мен міндеттері
Қызметтің негізгі мақсаты
Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық аудандық ауруханасының негізгі мақсаты – халыққа сапалы, қолжетімді және қауіпсіз медициналық көмек көрсету арқылы азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайту.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін аурухана келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- ересек тұрғындарға стационарлық медициналық көмек көрсету;
- балаларға стационарлық медициналық көмек көрсету;
- халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету;
- емдеу-диагностикалық және емдеу-профилактикалық ұйымдармен өзара сабақтастық пен тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
- медициналық қызмет нәтижелерін жүйелеу және талдау, сондай-ақ уәкілетті органға статистикалық және қаржылық есептілікті ұсыну;
- еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыру.
Негізгі міндеттері
Аурухананың медициналық қызметінің негізгі міндеттері:
- шұғыл, кезек күттірмейтін және жоспарлы медициналық көмек көрсету;
- профилактикалық, емдеу-диагностикалық және оңалту іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу;
- халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау;
- көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасына ішкі ведомстволық сараптама жүргізу;
- аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің заманауи әдістерін әзірлеу және тәжірибеге енгізу;
- кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайту және заманауи медициналық технологияларды енгізу;
- қызметкерлердің кәсіби, әлеуметтік және заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- медициналық қызметті жетілдіруге бағытталған ғылыми әзірлемелерді, инновациялық технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және өзге де заманауи шешімдерді енгізуге қатысу.
















