Ауруханаға жатқызу тәртібі
Пациенттерді жоспарлы және шұғыл түрде ауруханаға жатқызу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу
Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін:
- алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін дәрігердің немесе бейінді маманның жолдамасы;
- қажетті зертханалық және аспаптық тексерулердің нәтижелері;
- жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Жоспарлы госпитализация Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы кезектілік тәртібімен жүргізіледі.
Шұғыл түрде ауруханаға жатқызу
Өмірге қауіп төндіретін немесе шұғыл медициналық көмекті қажет ететін жағдайларда пациенттер тәуліктің кез келген уақытында қабылданады және алдын ала жазылуды қажет етпейді.
















