Қабылдауға жазылу тәртібі
Жаңаарқа ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасында дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қабылдауға қалай жазылуға болады?
Пациент дәрігердің қабылдауына төмендегі тәсілдердің бірі арқылы жазыла алады:
- емхананың тіркеу бөліміне жеке жүгіну арқылы;
- тіркеу бөлімінің байланыс телефондары арқылы;
- учаскелік дәрігердің немесе мейіргердің жолдамасы бойынша;
- Damumed мобильді қосымшасы арқылы;
- eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы (қолжетімді болған жағдайда).
Қабылдауға келу кезінде өзіңізбен бірге болуы тиіс құжаттар
Дәрігердің қабылдауына келген кезде төмендегі құжаттардың болуы қажет:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- жолдама (қажет болған жағдайда);
- бұрын жүргізілген зертханалық немесе аспаптық зерттеулердің қорытындылары (бар болса).
Қабылдау уақыты
Пациент қабылдауға белгіленген уақыттан 10–15 минут бұрын келгені жөн.
Егер белгіленген уақытта келе алмайтын болсаңыз, қабылдауды басқа пациентке ұсыну үшін алдын ала тіркеу бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз.
Маман дәрігердің қабылдауы
Бейінді мамандардың қабылдауы:
- учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша;
- немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда тікелей жазылу арқылы жүзеге асырылады.
Шұғыл медициналық көмек
Шұғыл жағдайларда пациенттерге алдын ала жазылусыз кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетіледі.
Қосымша ақпарат
Қабылдауға жазылу мәселелері бойынша тіркеу бөліміне немесе Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне хабарласуға болады.
Байланыс телефондары:
- 8 (71030) 7-99-05
- 8 (71030) 2-84-28
















