Скринингтік тексерулер
Скрининг – ауруларды ерте кезеңде анықтауға бағытталған профилактикалық медициналық тексеру.
Қазақстан Республикасында азаматтарға келесі скринингтік бағдарламалар жүргізіледі:
- артериялық гипертонияны ерте анықтау;
- қант диабетін анықтау;
- глаукоманы анықтау;
- жатыр мойны обырын ерте анықтау;
- сүт безі обырын ерте анықтау;
- тоқ және тік ішек обырын ерте анықтау;
- В және С вирустық гепатиттерін анықтау (көрсетілімдер бойынша).
Скринингтен уақтылы өту – денсаулықты сақтаудың тиімді жолдарының бірі.
















