Біздің көзқарасымыз
Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық аудандық ауруханасының көзқарасы – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру негізінде халыққа жоғары сапалы, қолжетімді және қауіпсіз медициналық қызмет көрсететін, тұрақты дамып келе жатқан әрі өңірдегі жетекші медициналық ұйымдардың бірі болу.
Негізгі ұстанымдарымыз:
- медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін үздіксіз арттыру;
- заманауи медициналық технологиялар мен басқару тәсілдерін енгізу;
- пациентке бағдарланған қызмет көрсету мәдениетін дамыту;
- кәсіби әрі білікті кадрлық әлеуетті нығайту;
- денсаулық сақтау жүйесіндегі көшбасшылық ұстанымды сақтау және жетілдіру.
















