Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 9-і күні ауданымызда денсаулық күніне орай «Денсаулық - 2017» фестивалі өтті. Шара барысында «Жүру зиян емес, жүрмеу - зиян» деп ұрандаған жаяу жүру марафоншылар шеруінен басталды. Шеру аудан орталығында орналасқан «Барыс» ескерткішінен бастап, «Тәуелсіздік» саябағына дейін жүріп келді. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің» 20 жылдығына арналған «Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда» атты шараға барлық мекеме басшылары мен қызметкерлері, аудан орталығындағы мектептер мен колледждердің оқушылары, студенттері, мұғалімдері, білім бөлімі, мәдени – сауық орталығы бар ынтасымен, көңілімен ат салысып, жаппай спорттық жаттығуларын жасады. «Нұр -Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы, спорт мектебі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шахматтан аудандық турнир өткізілді. Нәтиже қортындысы бойынша өз бағын сынап, қарсыластырының алды болып I-ші орынды Хасенов Қайрат қаңжығасына байласа, II-ші орынды Исатаев Марат, III-ші орынды Мейізбеков Самат алды. Жеңімпаз спортшылар бағалы сыйлықтар және алғысхаттармен марапатталды. Фестиваль соңында салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің қызметкерлері аурудың алдын алу үнпарақтарын тараты (буклеты, листовки).
«Жүру зиян емес, жүрмеу - зиян»