«Көпбейінді Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0

«Есірткісіз Көше» ұранымен Акция

2018 жылы 23  мен 26 сәуір аралығында  Жаңаарқа ауданының АОА КМК профилактикалық іс-шаралар аясында «Есірткісіз Көше»  ұранымен Акция, Флэш-моб жүргізілді. Мақсаты – Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп  жатқан бұл ауру  әлемдік трагедия. Бүкіл әлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, планетамыздың әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылмақшы. Осы мақсатта, есірткіге қарсы шаралар ауданымыздада қолға алынған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен акция, флэш – моб  өткізілді. Акция барысында аталған сала мамандары халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық почта бөлімшесі, Березка және Арман дүкендеріне, О.Жұмабеков атындағы жалпы орта білім беретін базасындағы тірек мектебіне барып, үнпарақтар таратып, есірткеге қарсы үндеу жұмыстары жүргізілді.  

Әрбір адам есірткіге қарсы тұрып, аталған дерттен жақындарымызды, достарымызды сақтайық. Құрметті жаңаарқа жастары! Сіз болып, біз болып, бүкіл қоғам болып ғасыр індетімен күрессек, біз оны жоя аламыз.