2018 жылдың 14 -20 мамыр аралығында оқушыларға арналған «Салауатты өмір салтын ұстанамын!» денсаулық апталығының ұлттық бағдарламасы бойынша іс- шара өткізілуде. Бағдарламаның басты міндеті денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға ұстамдылықты қалыптастыру жөнінде оқушылардың білім деңгейін арттыру болып табылады.
О.Жұмабеков атындағы және Ю.Гагарин, Б. Амалбеков, №132, С.Сейфуллин атындағы мектептерде оқушылар арасында сабақ басталғанша және мектептегі күн тәртібінде гимнастика жасау — дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Оның мақсаты — сабақ ортасында білінетін гиподинамияның (ағзаның қызметінің бұзылуының) кері әсерін ең төменгі деңгейге дейін түсіріп, оқу күнін ұйымшылдықпен бастап және нәтижелі аяқтау.
Гимнастиканы ашық ауада, ал ауа райы бұзылғанда (жауын, суық болғанда) желдетілетін орындарда, дене шынықтыру минутын желдетілетін сыныпта өткізген дұрыс. Гимнастиканың ұзақтығы 6-7 мин., ал кіші сыныптарда 5-6 минуттан аспау қажет. Оқушылардың дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке және қоғамдық гигиена, шылымқорлықтың, ішімдікті, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың алдын алу бойынша үнпарақтар таратылды.