6 желтоқсан күні Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жалпы тәжірибе дәрігерлері арасында "Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның командасы" республикалық байқауының басталғанын жариялады.
Байқаудың демеушісі "БанкЦентркредит" АҚ. Дауыс беру 19 желтоқсан күні сағат 14.00-де жабылды. Барлығы 248 мың дауыс қабылданды. Республикалық «Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның командасы» атты конурста Қарағанды облысының ауылдық емханалар арасында Жаңаарқа ауданы дәрігер Қазақбаева Азиза Абдумуминовнаның командасы жеңіп шықты. 24 желтоқсан «МӘМС Қазақстан медицинасының трансформациясы» атты форумда денсаулық сақтау министірі Біртанов Елжас Амантайүлының алғыс хатымен, «Үлгілі отбасылық дәрігер мен оның командасы» грамотасымен, арнайы медалімен, байқау демеушісінен 500 мың теңге алды.
.