Қазан айының соңғы екі аптасы аралығында Жаңаарқа аудандық орталық аурухансының бас дәрігері Құлмағанбетов Серік Әуесханұлы ауданның Қарағаш, Ақтасты, Аппаз, Бидайық, Ақтайлақ, Ақтау елді мекендерін аралап халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен амбулаториялық-емханалық көмек порталы, емдеуге жатқызу порталдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар қойылған сұрақтарға жауап беріп, тұрғындардың талап-тілектері мен ұсыныстарының ескерусіз қалмайтынын аурухана деңгейінде шешілетін мәселелердің түйінін табуға уәде берді.
27.10.2014 жылы аудан әкімнің аппараттық жиналысында Жаңаарқа аудандық орталық аурухансының бас дәрігері 2014 жылдың 9 айын қорытындылап, осы уақыт аралығында жасалған іс-шаралар мен кемшіліктеріміз туралы мәлімдеме жасады. Өз сөзінде 2014 жылдың 1 тоқсанынан бастап Бірыңғай Ұлттық Денсаулық Сақтау жүйесінің ІІ кезеңі, яғни амбулаториялық-емханалық көмек порталы іске қосылғанын атап өтті. Порталдың басты мақсаты алғашқы медициналық санитарлық көмек ету мекемелері үшін тегін медициналық көмекке кепілдік берілетін көлемде төмендегідей:
- кеңестік-диагностикалық қызмет көрсетудің қол жетімділігін қамтамасыз ету
- кеңестік-диагностикалық қызмет көрсетудің рационалды пайдаланылуын басқару
- кеңестік-диагностикалық қызмет көрсетудің сыртқа берілетін жолдамаларын негізсіз тоқтатуға жол бермеу
- кеңестік-диагностикалық қызмет көрсету барысында сыртқа берілетін жолдамалар алу үшін тұрғындарға ыңғайлы жағдайлар туғызу.
Кеңестік-диагностикалық емханалар үшін;
- алғашқы медициналық санитарлық көмек ету мекемелерінің жоспарлы түрде жіберілген жолдамалары бойынша тұрғындарға кеңестік-диагностикалық қызмет көрсетудің қол жетімділігін қамтамасыз ету және жедел жағдайда белгілі кезекпен басқару қажет.
– ережелерді сақтап, яғни алғашқы медициналық санитарлық көмек ету мекемелері берген жолдама аясында кеңестік-диагностикалық қызмет көрсетуге негізсіз жолдануына жол бермеу.
Тұрғындар үшін
- тегін медициналық көмекке кепілдік берілетін көлемде кеңестік-диагностикалық қызметін алу үшін белгіленген ережелерді сақтау қажет.
– жедел көрсетілімсіз өз бетімен қаралғанда кеңестік-диагностикалық қызмет көрсетудің түрлері ақылы түрде болады.
Жоғарыда аталған қағидаға сәйкес аудандық орталық аурухана 2014 жылға төмендегі облыстық және қалалық кеңестік-диагностикалық емханалармен келісім шартқа отырды.
Облыстық клиникалық ауруханасының емханасы
Облыстық диагностикалық орталықтың диагностикалық зерттеулері
Облыстық жақ-сүйек ауруханасының емханасы
Облыстық балалар клиникалық ауруханасының емханасы
Облыстық кардиохирургия орталығының емханасы
Облыстық перинаталды орталығы
Облыстық дермато-венерология диспансерінің емханасы
Х .Мақажанов атындағы травматология-ортопедия клиникасы
«Мерей» жеке меншік клиникасы
Жезқазған қаласының емханасы
«Олимп»лабораториясы.
Аудандық орталық аурухана басшылығы жолдама алған тұрғындардың кеңестік-диагностикалық қызмет алуын қадағалап, тұрғындарға көрсеткен қызметі үшін аты аталған емханаларға белгіленген тариф бойынша ай сайын қаржы аударып отырады.