Құрметті азаматтар!
Алдағы суға шомылу маусымында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын, балалар лагерлері мен демалыс орындарының қызметкерлерін, сушаруашылық нысандарының басшыларын өздері мен жақындарына айрықша көңіл аударуға шақырады.
Сақ болыңыздар, судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар! Бұл өз кезегінде қайғылы оқиғалардың алдын алады.
Сіздерге әрқашан есте сақтауға тиіс қарапайым қағидаларды ұсынамыз:
- жүзу білмесеңіз суға беліңізден жоғары тереңдікке бармаңыз;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- мас күйінде суға шомылуға тыйым салынады;
- бейтаныс орындарда суға түспеңіз;
- жағалаудан алысқа ұзамаңыз;
- өзіңізді үнемі бақылауда ұстаңыз;
- түнгі уақытта шомылмаңыз;
- үрленген жүзу құралдарына сенім артпаңыз
- жүзу кезінде тақтайшаларды және жүзуге арналмаған заттарды пайдаланбаңыз.
Жүзу құралдарын қолданғанда тыйым салынады:
- Құтқару және сутөкпе құралдарынсыз жүзуге шықпаңыз;
- Қайықтың ернеуі мен тұмсығына отырмаңыз;
- Бір орыннан екіншісіне, сондай-ақ судағы бір қайықтан басқасына орын ауыстырмаңыз;
- Қайықтан суға сүңгімеңіз;
- Жүзу құралдарын жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтерімділігінен артық жүктеуге;
- Бөгендер мен бөгеттерге жақын жерлерде жүзу және қайықты көпірдің астына тоқтату қауіпті.
Судағы қайғылы оқиғаның куәгері болған әрбір адам «жедел жәрдемнің» келуін күтпестен зардап шегушіге алғашқы көмек көрсете білуі тиіс.
Есте сақтаңыз! Зардап шеккен адамды тыныс алуы тоқтағаннан соң 5-6 минут ішінде өмірге қайтарып алуға болады.
Су аумағында демалу барысында жағалауда және суда төнуі мүмкін қауіп жайлы ұмытпау керек.
Сақтық шараларын ұстану – судағы басты қауіпсіздік талабы.
Қарағанды облысының ТЖД