«Көпбейінді Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0

Баланың туылуына арналған белсенді қызмет дегеніміз не?

Баланың туылуына арналған белсенді қызмет дегеніміз не?

 

Бұл үйден шықпай SMS-хабарламаларға жауап беру арқылы баланың туу туралы куәлігін алу, бала бақшаға кезекке қою және жәрдемақы алу мүмкіндігі. 

 

Бұл қызмет кімге көрсетіледі?

 

қызмет ұялы азаматтардың базасында тіркелген, жана туған аналарға көрсетіледі.

 

Бұл қызметті қалай алуға болады?

 

Көрсетілетін қызметті 1414 қысқа нөмірінен келген SMS-хабарламаларға жауап беру  арқылы алуға болады.

 

Алғашқы SMS хабарлама қашан келеді?

Бірінші хабарлама бала туылған сәттен бастап 24 сағат ішінде келеді. 

 

SMS-хабарламаға жауап алу қанша уақыт күтіледі?

Жауап 3 күн ішінде күтіледі. Көрсетілген мерзімде жауап болмаса, көрсетілетін қызмет алушы ХҚКО-ға жүгіну қажет

 

SMS хабарламаларына қалай жауап беруге болады?

 

Әр SMS-хабарламада жауап әдістерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы келтірілген, олар бойынша сұраққа дұрыс жауап бере аласыз. Хабарлама ағылшын R әрпінен басталуы керек  және тырнақшасыз әрі бұл әріп алдында бос орындар болмауы керек. Дұрыс жауап болмаған кезде қате туралы және дұрыс жауап ұсынысымен СМС-хабарлама келіп түседі. 

 

Көрсетілетін қызметті алу кезінде қандай шектеулер бар?

 

Мобильді азаматтардың базасында тіркелмеген клиентке, сондай-ақ 2008 жылға дейін некеге тұрған немесе 2007 жылдан бұрын туған балалары болса, қызмет көрсетуге болмайды.

 

Мобильді азаматтардың базасына қай жерде тіркелуге болады?Мобильді азаматтардың базасына «электрондық үкімет» порталында, ХҚКО-да, сондай-ақ перинаталдық орталықтардағы ХҚКО жауапты қызметкерлерінде тіркеле аласыз. Қызмет құны қанша тұрады?Қызмет мүлдем тегін. SMS-хабарлама жіберу үшін төлем алынбайды. Бірақ SMS-хабарламаларды жіберу мүмкіндігіңіз үшін оң балансыңыз болуы керек.