2018 жылы 1- 31 мамыр аралығында Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күніне орайластырылған «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» ұлттық бағдарламасы өткізілуде.
«Салауатты өмір салтын ұстанамын!»
2018 жылдың 14 -20 мамыр аралығында оқушыларға арналған «Салауатты өмір салтын ұстанамын!» денсаулық апталығының ұлттық бағдарламасы бойынша іс- шара өткізілуде. Бағдарламаның басты міндеті денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға ұстамдылықты қалыптастыру жөнінде оқушылардың білім деңгейін арттыру болып табылады.
«Есірткісіз Көше» ұранымен Акция
2018 жылы 23 мен 26 сәуір аралығында Жаңаарқа ауданының АОА КМК профилактикалық іс-шаралар аясында «Есірткісіз Көше» ұранымен Акция, Флэш-моб жүргізілді. Мақсаты – Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия. Бүкіл әлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, планетамыздың әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылмақшы. Осы мақсатта, есірткіге қарсы шаралар ауданымыздада қолға алынған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен акция, флэш – моб өткізілді. Акция барысында аталған сала мамандары халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық почта бөлімшесі, Березка және Арман дүкендеріне, О.Жұмабеков атындағы жалпы орта білім беретін базасындағы тірек мектебіне барып, үнпарақтар таратып, есірткеге қарсы үндеу жұмыстары жүргізілді.
«Дені сау болу сәнді!» ұранымен Акция
2018 жылы 7 сәуірде Жаңаарқа ауданының АОА КМК Бүкіл әлемдік денсаулық күніне орайластырылған «Дені сау болу сәнді!» ұранымен Акция жүргізілді.
«Туберкулезден өзіңді сақта!»
2018 жылы 06 наурызда Ғ.Жарылғапов атындағы Аграрлық колледжінде студенттер арасында «Туберкулезден өзіңді сақта!» тақырыбында семинар өткізілді.
Мақсаты: Балалардың сана-сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру. Қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған проблеманың түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету. Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.
«1 Желтоқсан дүниежузілік ЖИТС ке күрес күні»
05.12.17 ж. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, СЭС және жастар аудандық орталығы мен жастар арасында С.Сейфуллина атындағы кітапханада студенттермен кездесу семинар-тренинг откізілді.
С.Сейфуллин атындағы кітапханада оқушылар арасында кездесетін өзекті мәселе зиянды әдеттердің алдын алу және ЖИТС, АИВ тақырыптары бойынша арнайы баяндамалар тыңдалды, бейне баяндар көрсетілді.
Оқушылар алған мағлұматтан зиянды әдеттерден аулақ болып , өздерінің ой пікірін плакатқа түсті маркермен сүрет салып, болашақтың жолын ашар келешек ұрпақ екенін сезініп, қорғады.