01.12.2017 ж. Желтоқсан дүниежузілік «Спидке күрес күні» күніне орай салауатты өмір салтын қалыптастыру
01.12.2017 ж. Желтоқсан дүниежузілік «Спидке күрес күні» күніне орай салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Жезқазған индустриялдық -гуманитарлық колледжі Жаңаарқа бөлімшесі» атындағы колледжде , «Ю.Гагарин» атындағы мектепте оқушылар арасында кездесетін өзекті мәселе зиянды әдеттердің алдын алу және ЖИТС, АИВ тақырыптары бойынша арнайы баяндамалар оқылып, үнпарақтар таратылып, бейне баяндар көрсетілді.Оқушылар алған мағлұматтан зиянды әдеттерден аулақ болып , болашақтың жолын ашар келешек ұрпақ екенін сезініп, салауатты өмір салтын ұстанып жүруге сөз берді.
«Жүру зиян емес, жүрмеу - зиян»
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 9-і күні ауданымызда денсаулық күніне орай «Денсаулық - 2017» фестивалі өтті. Шара барысында «Жүру зиян емес, жүрмеу - зиян» деп ұрандаған жаяу жүру марафоншылар шеруінен басталды. Шеру аудан орталығында орналасқан «Барыс» ескерткішінен бастап, «Тәуелсіздік» саябағына дейін жүріп келді. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің» 20 жылдығына арналған «Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда» атты шараға барлық мекеме басшылары мен қызметкерлері, аудан орталығындағы мектептер мен колледждердің оқушылары, студенттері, мұғалімдері, білім бөлімі, мәдени – сауық орталығы бар ынтасымен, көңілімен ат салысып, жаппай спорттық жаттығуларын жасады. «Нұр -Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы, спорт мектебі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шахматтан аудандық турнир өткізілді. Нәтиже қортындысы бойынша өз бағын сынап, қарсыластырының алды болып I-ші орынды Хасенов Қайрат қаңжығасына байласа, II-ші орынды Исатаев Марат, III-ші орынды Мейізбеков Самат алды. Жеңімпаз спортшылар бағалы сыйлықтар және алғысхаттармен марапатталды. Фестиваль соңында салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің қызметкерлері аурудың алдын алу үнпарақтарын тараты (буклеты, листовки).
Халықпен кездесу
Қазан айының соңғы екі аптасы аралығында Жаңаарқа аудандық орталық аурухансының бас дәрігері Құлмағанбетов Серік Әуесханұлы ауданның Қарағаш, Ақтасты, Аппаз, Бидайық, Ақтайлақ, Ақтау елді мекендерін аралап халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен амбулаториялық-емханалық көмек порталы, емдеуге жатқызу порталдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.